1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 16:32 Фото: Zakon.kz
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар.

Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

  • Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
  • Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  • Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
  • Құзыреттерді бағалау;
  • Сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
  • Ұлттық комиссияның отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: