Наурызым қорығындағы өртті сөндіруге үш өңірден құтқарушылар мен техника тартылды

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 00:08 Сурет: pixabay
Қостанай облысында Наурызым қорығында шыққан өртті сөндіруге үш өңірден құтқарушылар мен техника тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Қарамайшы бөлімшесінің жанындағы өртті сөндіруге 11 адам, 3 бірлік техника жұмылдырылды.
  • Шолақсай ауылынан 15 шақырым жердегі өртті сөндіруге 18 адам, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Сағат 22:00-де Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе облыстарының ТЖД қосымша 115 адам және 23 техника тартылды.

22 тамызда сағат 07:00-де "Қазавиақұтқару" АҚ мен Қорғаныс министрлігінің 2 тікұшағы ұшады деп жоспарланып отыр.

Өрт орнынан 30 шақырым қашықтықта су алу үшін "Жаркөл" көлі бар.

Сағат 22.00 -дегі жағдай бойынша өрт орнында ауа температурасы 28 С, солтүстік-батыс бағытта соққан желдің жылдамдығы 4-5 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: