Жаңалықтар тізбегі
0

"Ертіс орманы" резерватындағы өртті сөндіруге үш өңірден көмек күші тартылды

Төтенше жағдай Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
"Ертіс орманы" орманшылығы территориясындағы өртті сөндіруге Астана, Қарағанды қалалары және Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның жеке құрамы мен техникасы қосымша ат салысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шарбақты ауданына қарасты "Ертіс орманы" қорығында болған орман өртін сөндіруге:

  • Қарағанды ​​қаласынан 33 адам және 6 техника;
  • ШҚО-мен 21 адам және 5 техника;
  • Астана қаласынан 67 адам және 15 техника қосымша ат салысып жатыр.
"Оқиға орнында 100-ден астам бірлік техника мен 300-ден астам адам, оның ішінде 5 тікұшақ өртті сөндіруде. Бір тәулік ішінде өрт ошақтарына әуеден 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төгілді". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

15 шілдеде сағат 14-30-да Шарбақты ауданында "Ертіс орманы" ММ аумағында орман өрті орын алды.

Жағдайды бақылау және бағалау үшін ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр, облыс әкімі әуеден шолу жүргізді. 98 квартал ерекше бақылауда, өйткені осы тұста от тез тұтанып кетіп жатыр.

Әуеден жүргізілген шолу қортыныдысы бойынша қызыл жалын жалмаған аудан 850 гектар аумақты құрайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз