Алаяқ ақмолалық зейнеткердің депозитінен 2 млн теңге шешіп алған

зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 00:59 Сурет: pixabay
19 тамызда Ақмола облысы Сандықтау ауданының полиция бөліміне 73 жастағы тұрғыннан алаяқтық фактісі туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 тамыз күні зейнеткердің телефонына қоңырау келіп түскен, онда өзін жетекші банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам жәбірленушінің депозитінен ақша алған. Зейнеткер заманауи гаджеттердің жұмысын жақсы білмейтінін айтып, ал телефон арқылы қоңырау шалған адам депозитті қауіпсіздендіру үшін мобильді банкингте қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндірген.

Күдікті құйтырқы әрекетімен егде жастағы азаматтың депозитінен екі миллион теңгені ақшалай қаражатқа аударып, содан кейін қолма-қол шығарып алған.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: