Ақмола тұрғынының атына немересі 2 млн теңге онлайн несие рәсімдеген

Жәбірленушіге өтелмеген қарызы жайлы хабарлама келген, содан кейін ол бірден банкке барған. Мамандар ақпаратты растап, несие сомасы 2 млн 118 мың теңге екенін айтқан. Ол жағдайды анықтау үшін полицияға арызданған.
Онлайн-несие жәбірленушінің телефонынан ресімделген болып шықты. Мұны бала кезінен бағып-қаққан немересі алған екен.
Сол күні дәл осындай факт осы ауданда тіркелді. 38 жастағы ер адам өгей шешесінің атынан 36 мың теңге несие ресімдеген. 65 жастағы өгей шешесі мерзімі өткен қарыз туралы микронесиелік ұйымнан білген.
Екі фактіге қатысты Атбасар аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.