Қазақстанның әр алтыншы азаматы қай салада жұмыс істейтіні белгілі болды

Әр алтыншы қазақстандық қай салада жұмыс істейтіні белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 14:03 Сурет: freepik
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан азаматтары қай салада жиі жұмыс істейтіні туралы ақпарат жариялады. Елде жұмыс істейтін әр алтыншы азамат саудамен айналысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы екінші тоқсанда Қазақстан экономикасында ресми түрде 9,6 миллион адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,9 миллионы жалдамалы жұмыспен қамтылса, 2,2 миллионы - өзін жұмыспен қамтығандар.

Қазақстандықтардың басым бөлігі сауда саласында жұмыс істейді (16,6%). Екінші орынды білім саласы (12,9%), үшінші және төртінші орынды тиісінше өнеркәсіп (12,3%) және ауыл шаруашылығы (12,2%) саласы алады. Одан кейінгі орында құрылыс (7,1%), көлік және қойма шаруашылығы (7%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет (6,2%), мемлекеттік басқару және қорғаныс (5,8%) және басқа да қызмет түрлері (3,9%) тұр.

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (3,1%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (3%), тұру және тамақтану (2,4%) салаларында жұмыс істейтін қазақстандықтар салыстырмалы түрде аз. Қаржы және сақтандыру қызметімен халықтың 2,2%-ы, байланыс және ақпарат саласында 2%-ы, жылжымайтын мүлік мәмілелерімен 1,6%-ы, өнер және ойын-сауық саласында 1,5%-ы жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы, құрылыс, жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп, әкімшілік қызмет көрсету, өнер және ойын-сауық салаларында жұмыс істейтіндер санының азайғанын байқады. Басқа салаларда жұмыспен қамту, керісінше, өсті.

Бұған дейін Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың төрттен бірі қытайлықтар екені белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: