Дауыл, бұршақ, жаңбыр: 24 тамыз күнгі ауа райы болжамы
Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстандағы 24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін.
"Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз бұршақ жауады деп болжанды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады. Оның екпіні секундына 9-14 метр, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +22+24°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 метр болатын жел соғады. Күндіз екпіні - 12 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +32+34°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript