Алматыда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы пәтерге өтініш беру қашан басталады
Сурет: pixabay
Алматыда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы пәтерге өтініш беру қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматы әкімдігі Zakon.kz тілшісіне хабарлады.
Алматының құрылыс басқармасы 2023 жылға Наурызбай ауданының "Алма Сити-4" тұрғын
үй кешенінен 1 050 пәтер сатып алды, оларды коммуналдық тұрғын үй қорына беру
биылғы күзде жоспарланып отыр.
"Осыдан кейін бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдау және одан әрі қоныстандыру туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланады". Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- үміткердің жасы 35-тен аспауы керек;
- үміткердің Алматыда кейінгі 3 жылда т, ал 14 жастан асқан отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары) тұрақты тіркеуі болуға тиіс;
- Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі 5 жылда тұрғын үйі болмауы керек;
- кейінгі 6 айдағы айлық жалақысы 40 АЕК-тен – 138 000 теңгеден жоғары болуы керек;
Пәтерлер 3 жылға жалға беріледі.
Аталған бағдарлама жастарды қолдау және олардың өз баспанасын сатып алуға мүмкіндік жасау үшін қолжетімді бағада 3 жылға сатып алу және мерзімін ұзарту құқығынсыз жалға беру үшін әзірленген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript