Алматы облысы маңындағы орманнан қару-жарақтар табылды

Алматы облысы маңындағы орманнан қару-жарақтар табылды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 10:06 Сурет: ҚР ІІМ
24 тамыз сағат 17:35 шамасында Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Талғар ауданының аумағындағы орманнан МЕ-8 Police газ тапаншасы мен бір ОСА травматикалық тапаншасын тауып,тәркіледі.

Сонымен қатар 5,6 мм калибрлі ТОЗ иір ойықты мылтық, 3 LSG гранатасы, 3 бірлік жарық-дыбыстық гранаталар және 7,62 мм калибрлі 15 патрон, оқ-дәрілер табылды.

"Аталған дерек полицияда ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі ( Атыс қаруын тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: