Шымкентте үшем дүниеге келді

Үшем, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2023 11:39 Сурет: Zakon.kz
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары. 8 тамызда кесір тілігі жасалып, босандырып алынған 37 жастағы Арайлым Сарсенбекова үшеммен бірге күні кеше үйіне босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сәбилердің денсаулығында ақау жоқ. Анасымен бірге үшем нәрестелер күту бөлімшесінде екі аптаға жуық медициналық бақылауда боды. Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы", - деп хабарлайды дәрігерлер сөзін келтірген Otyrar.kz.

Сарсенбековтер әулетінде дүниеге келген үш бөбекке туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деп есім берген. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: