Жаңалықтар тізбегі
0

27 тамызға арналған еліміздегі ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 27 тамыз , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2023 17:45 Сурет: freepik
Синоптиктер 27 тамызға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райына қатысты жалпы болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ түседі деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түссе, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Ақтөбе өңірінің орталығында, батысында, оңтүстігінде,  Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: