Ақтөбеде ауаны ластаушы заттардың көп мөлшері тіркелуі мүмкін екені ескертілді

Нашар ауа сапасы, Ақтөбе, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2023 09:19 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер жексенбіде, 27 тамызда Ақтөбеде ауада зиянды заттардың көп мөлшері болуы ықтимал екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мамандарының болжамы бойынша, жексенбіде, 27 тамызда Ақтөбе тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіп тұр.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымырсық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеожағдайлар орын алғанда елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: