Енді колледж студенттері үш бірдей біліктілік бойынша оқып шыға алады

Енді колледж студенттері үш бірдей біліктілік бойынша оқып шыға алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 11:29 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық колледждер бәсекеге қабілетті маман даярлауда білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқыту мерзімін дербес анықтайды. Студенттерге еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру мақсатында басшылар мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысынан 30%-дан 100%-ға дейін материалдық көтермелеу қарастырылған.

"Бұдан басқа, осы жылдан бастап 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, өндірістен тартылған педагогтерге аттестациядан өтпей-ақ "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі және еңбекақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жыл өндірістік еңбек өтілі бар педагогтерге еңбекақыға 35% үстемемен сарапшы біліктілігі беріледі. Еске салайық, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға, 2024 жылы 100%-ға арттырылады". Министрлік хабарламасы

Екі жыл қатарынан еліміздің колледждерінде жұмысқа алу міндеттемесімен мақсатты тапсырыс бойынша 10 мың студентті қабылдау жүргізіліп жатыр. Дуальді оқыту 8 мың кәсіпорынның қатысуымен және 72 мың білім алушыларды қамтумен 558 ұйымда енгізілді. Колледждерге кәсіпорындардың шефтік қамқорлығы аясында 498 кәсіпорын 410 колледжбен меморандумға және келісімдерге қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: