Жаңалықтар тізбегі
0

Астанаға көшіп келушілердің санына шектеу енгізілуі мүмкін: Тамара Дүйсенова өз сөзіне түсініктеме берді

Тамара Дүйсенова, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 19:55 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанадағы көші-қон шектеулері туралы өз сөзіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенова Астанаға көшіп келушілер санына шектеулер енгізу жоспарланбағанын айтты. Оның айтуынша, Үкімет дәлізінде алдында айтылған сөздері түсініспеушіліктің нәтижесі болып табылады.

"Алдында қойған сұрағыңызға жауап бере кетейін, азаматтардың қалаға кіріп-шығуына және тұруына қатысты ешқандай шектеулер жоқ. Олар осында келіп, тұра алады. Егер олар оқу үшін келсе, жатақханалар ұсынылады. Олар, әрине келе алады. Тағы да нақтылап айтамын, адамдардың келуіне қатысты ешқандай шектеулер жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ ол қалаға келген адамдар тиісті әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді ала алуы үшін міндетті түрде тұрғылықты жері бойынша тіркелуі керектігін баса атап өтті.

"Маған саяжайда тұратындардан жиі сауал келіп түседі, олар жұмыс істемейтінін, осыған байланысты проблемалар барын, тіпті әлеуметтік төлемдер ала алмай жүргендерін айтады. Мен айтып жатырмын, адам қай жерде тұрса да тіркеуде болуы керек деп", - деді ол.

Оның айтуынша, шектеулер тек құрылыс салушыларға қатысты. Онда да егер олар тұрғын үй кешенін салатын болса, әлеуметтік инфрақұрылымдарды да салу мәселелерін ескеруі қажет болады.

"Егер онда 200-ден астам адам тұрса, онда медициналық пункт, ал егер 1000-нан астам адам болса, онда амбулатория болуы керек. Яғни, осындай шектеулер мен стандарттар бар. Мұндай шектеулер қаланың бір бөлігіндегі адамдар мектеп немесе медициналық көмек алуда басқа бөлігіне жөңкіліп жүрмесі үшін халықты қолдау тұрғысында дұрыс деп санаймын", - деп нақтылады министр.

Бұған дейін Үкімет дәлізінде Еңбек министрлігінің өкілі Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қоюылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: