Қасым-Жомарт Тоқаев тариф саясатын түбегейлі қайта қарауға тапсырды
Сурет: Zakon.kz
Президент өз жолдауында алдымызда тағы бір өте маңызды міндет - тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу деп айтты.
Президенттің мәліметінше, тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет.
"Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн." Қасым-Жомарт Тоқаев
Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады, - деді президент.
"Сонымен қатар монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады." Мемлекет басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript