Ақтөбелік оқушылар зейнеткерді тонаған ұрыны қуып жетіп, ұстауға тырысқан
Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы ұрыны ұстауға көмектескен оқушыларға алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 26 тамызда Жеңіс даңғылында болған. Онда қылмыскер зейнеткердің ақшасы мен құжаттарын тонап кеткен.
Оқиғаның кездейсоқ көріп қалаған №16 мектептің 11-сынып оқушылары бейжай қарамай, "102"-ге қоңырау шалып, полиция келгенге дейін қылмыскерді қуып жетіп, оны видеоға түсіріп, ұстауға тырысқан.
"Олардың қырағылығы мен батылдығының арқасында полиция қызметкерлері санаулы уақыт ішінде қылмыскерді қуып жетіп, ұстаған. Абай Жусупов жасөспірімдерге батылдығы, біреудің қайғысына бейжай қарамаған мейірімділігі және қысылтаяң жағдайда уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтты". Polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript