Жаңалықтар тізбегі
0

2 қыркүйекте елдің көп өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2023 01:03 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 2 қыркүйекте еліміздің көп бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. 02 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 18 м/с күтіледі. 02 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 02-04 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 02-04 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік жартысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 02 қыркүйекте облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 02-03 қыркүйекте түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 02-03 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: