Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды
Сурет: видео скрині
Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рейдтік іс-шаралары барысында 67 178 454 теңге сомасына 96 069 қорап заңсыз темекі бұйымдары анықталды.
"Кәсіпорын өз қызметін мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырды. Бүгінде салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды", - делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.
Қорытындысы бойынша тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript