Елімізде құны 808 миллион теңге болатын бір вагон темекі өнімін заңсыз алып өтпек болған
Сурет: pixabay
Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы департаменті құжаты жоқ құны 808 млн теңге болатын вагон темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті.
Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 млн теңгеден асады.
Қазір бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiліп жатыр. Нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.
Өзге мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сай жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript