Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысындағы мектептер алты күндік оқу режимінен бас тартты

Мектеп, алты күндік оқу режимі, Қарағанды облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 18:26 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысының тұрғындары 2023 жылдың 4 қыркүйегінде әлеуметтік желіде өңір мектептерінің алты күндік оқу аптасына қайта көшкені туралы жаңалықтан кейін жаппай наразылық білдіре бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-аналардың наразылығын облыстық білім басқармасы елеп-ескеріп, өз шешімін жариялады.

"Ата-аналар тарапынан келіп түскен өтініштерді назарға ала отырып, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларына бес күндік режим тұрғысында кесте құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды". Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ведомство оқу жоспарына енгізілген қосымша сағаттар гимназия және лицей типіндегі сыныптар үшін сенбі күндері өткізілетінін нақтылайды. 

Patriotnews.kz мәліметінше, бүгін таңертең Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізді, онда оқушылардың екі күн - сенбі және жексенбіде демалуы үшін бес күндік режимге сай сабақ кестесін құру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс алға тартылды.

Қарағандының төрт мектебі бүгіндері бескүндік оқу режиміне оралғаны, ал сабақ кестесі қайта қарастырылып жатқаны хабарланады:

"Ресми түрде бізге алты күндік оқу режимінен бас тарту жайын қарастыру ұсынылды. Бірақ іс жүзінде балаларға у, қызығушылықтары бойынша секциялар мен үйірмелерге қатысып, не болмаса ата-әжесіне қонаққа баруы сенбі мен жексенбіде демалыс күнін берү бойынша нақты бұйрық келді. Аптаның соңына дейін осы сипаттағы жұмысты аяқтаймыз. Сөйтіп бес күндікке ораламыз. Бұл жайт білім беру процесіне әсер етпейді".


Родительскую общественность Карагандинской области возмутило, что с 1 сентября 2023 года в школах ввели шестидневное обучение.

Қарағанды облысында көптеген ата-ана алты күндік оқу режиміне оралуға қарсылық білдірді. Балалары үлкен сыныпта оқитындары "ЖОО емтиханына дайындалуға уақыт тапшы болады" десе, кіші сыныптағылардың ата-аналары балаларымыз би, суға жүзу, теннис, сондай-ақ тіл курстарына қатыса алмай қалады деп дабыл қаққан. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: