Жаңалықтар тізбегі
0

Нөсерден кейін суағарлары жоқ Петропавлдың астан-кестені шықты. Қала әкімі не дейді

Нөсер жаңбыр, Петропавл, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 22:26 Сурет: pixabay
Петропавлда айлық нормадан да артық жаңбыр жауған. Салдарынан жаңбыр суы тұрғын үйлердің подъезіне дейін кіріп, бүтін ықшам аудандарды да басқан. Қалада жарық сөнген. Тіпті, су сорғысы мен коммуналдық сала қызметкерлері жаңбыр суын игере алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бау-бақша, балалар ойнайтын ойын алаңдары мен тіпті подъездерді су басқан. Көпқабатты тұрғын үйлер жауыннан кейін жарықсыз қалған.  Жаңа салынған "Жас Өркен" ықшам ауданы су астында қалды. Ауладағы кәріз құбыры суға толып, тіпті су сорғысы мен коммуналдық сала қызметкерлері жаңбыр суын игере алмай қалды, деп хабарлайды КТК.

"Нөсер бәрімізді әбігерге салды. Жарықсыз отырмыз. Түгел подъездегі электр желісі күйген сияқты. Дер кезінде көмек көрсеткенде мұндай мәселе туындамас еді деп ойлаймын. Төтеншеліктерді шақырдық, келмеді". Қала тұрғыны Людмила Божко

Қаланың астан-кестен болуына жол беруші себептің бірі - жолдардың жөнделуі көрінеді.


"Жолдарды жөндеуге байланысты ескі суағарларды алып, жаңасын салып жатырмыз. 80 пайыз жұмыс аяқталды. Бірақ ол орталықтандырылған инженерлік желілерге қосылмаған. Горький көшесіндегі суағар автономды режимде тұрған болатын. Сондықтан су құбырдан сыртқа шықты. Аталған жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз". Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: