Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда тұрғын үйлердің ауласын су басып, қаланың кейбір бөлігі жарықсыз қалды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 13:36 Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
16 шілдеде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Орал қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулалаларын су басты. Қазіргі уақытта БҚО ТЖД жанынан құрылған жедел штаб белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Орал қаласы мен Бәйтерек ауданындағы Асан ауылы бойынша 23 шақырту түсті, оның ішінде екі әлеуметтік нысан: облыстық көпбейінді балалар ауруханасы және облыстық арнайы мектеп-интернатыда бар. БҚО ТЖД жергілікті атқарушы органдарымен, "Батыс Су Арнасы" ЖШС-мен бірлесіп су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр". БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал қаласында 6 434 абонент жарықсыз қалғаны, қазіргі уақытта 1500 абонентке электр қуаты берілгені де нақтыланады.

"Батыс Қазақстан АЭЖК" ЖШС-ның 32 қызметкері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", делінген хабарламада.


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 13:36

Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі


Алдағы үш күн ішінде көп көлемде жауын-шашын және найзағай түседі деп болжанады. Осыған орай БҚО ТЖД облыс тұрғындарын келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • ғимараттарда электр қуатынан болуы мүмкін өрттердің алын алу шаралары;
  • найзағай тартқыштардың болуын, электр элементтерін жерге тұйықталуын қамтамасыз ету;
  • су басу қаупі бар аумақтарда суды бағыттау жыраларын дайындау;
  • тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу;
  • найзағай ойнауы кезінде электр сымдарына, найзағай тартқыштарға, антенналарға жақындамау;
  • теледидар, радио және басқ да электр бұйымдарын мүмкіндігінше сөндіріп қою;
  • балалардың мүмкіндігінше үйде болуын қадағалау, олардың электр трансформаторларының маңында ойнауға тыйым салу;
  • адамдардың су айдындарында шомылуына тыйым салу.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: