Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауға бір топ қоқиқаз ұшып келді

Қоқиқаз, Атырау, Каспий теңізі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 22:36 Сурет: Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі
Күз мезгілінде жылы жаққа ұшар кезде қоқиқаздар тобының демалатын орны Атырау қаласының маңындағы мұнай өңдеу зауытының жанында орналасқан "Сасық сай" булану алаңы болыпты. Қазір мұнда әкімдік пен "ҚазМұнайГаз" компаниясы "Tazalyq" экологиялық жобасын іске асыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жоба Атырау қаласының экологиялық ахуалын жақсартып, қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған. Орнитологтар құстардың ұшу кезінде демалу үшін булану алаңын таңдауына алаңдауға негіз жоқ екенін айтады, бұл жерде оларға қажет табиғи тағам – ұсақ шаянтәрізділер бар. Қоқиқаздардың қонуына қарағанда, демек сол алаңда қоректері бар деп болжауға болады. Ол жерде қоқиқаздарға азық болатын өсімдіктер мен микроағзаларды өсіретін микробиологиялық процестер жүріп жатыр", - дейді "Ақжайық" мемлекеттік табиғи қорығы ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Илья Бофонов.

Қызыл кітапқа енгізілген жабайы құстар тобының пайда болуы булану алаңындағы экологиялық жағдай жақсарғанының белгісі болуы да мүмкін.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: