Жаңалықтар тізбегі
0

Қазнет қолданушылары түйе баққан қайсар қызға таңданып жатыр

Қазнет қолданушылары түйе баққан қайсар қызға таңданып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 14:00 Сурет: primeminister.kz
TikTok желісінде кішкентай қыздың түйе бағып жүрген видеосы танымал болып кетті. Қазірдің өзінде видеоны миллионнан астам адам қараған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әжесі мен атасының көмекшісі", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Жарияланған кадрларда анасы мен қызының диалогы естіледі. Анасы видеоға түсіріп тұр. Ал кішкентай қыз анасына түйені өзі-ақ баптайтынын және ол оған тиіспейтінін айтып, сендіріп жатыр. Әуелі қыз түйені әкеп байлайды. Кейін оның ботасын босатады. Сонда төлі енесін бірден емуге кіріседі.

Желі қолданушылары видеоның астына белсенді түрде пікір қалдырып жатыр:

  • Батыл екен, бірақ бұл өте қауіпті. Үлкендер, қырағы болыңдар, баланы жалғыз қалдырмаңдар.
  • 100% өзіне сенім.
  • Түйе өте қауіпті жануар болып саналады.
  • Түйе ересек адамды оңай таптай алады.

Зоологтар түйенің үй жануарлары ішінде ең қауіптісі екенін ескертеді. Қыңыр түйе тұяғымен қағып, жауды басып, тістеп алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: