Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда із-түссіз жоғалған атақты боксшы тірі табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған атақты боксшы тірі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2023 10:29 Сурет: Алматы ПД
Алматыда еріктілер іздеуде жүрген танымал қазақстандық боксшы Серік Нұрқазов тірі табылды. Ер адам қазірдің өзінде туыстарының қамқорлығына берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі 26 желтоқсанда хабарлағандай, Медеу ауданында жоғалып кеткен бұрынғы спортшы Серік Нұрқазов тірі табылды.


"1959 жылы туған азамат Нұрқазов Серік аман-есен табылды. Ол туыстарына тапсырылды. Бұрын хабарланғандай, жоғалған азаматтың қайда екенін анықтау мақсатында арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды", - деп хабарлады полиция.

Серік Нұрқазов 14 желтоқсаннан бері іздеуде болған, оның жоғалып кеткені туралы "Қоғам" іздестіру тобының еріктілері хабарлаған. Медеу ауданындағы 64 жастағы ер адам үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Серік Нұрқазов – қазақтың атақты боксшысы. Ол 1980 жылдары КСРО құрамасында ойнаған. Ел біріншілігінің үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Гаванадағы әлем чемпионатының және халықаралық Достық турнирінің күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін бокстан балалар жаттықтырушысы болды, облыстық оқу-жаттығу орталығының меңгерушісі – облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметтерін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: