Жаңалықтар тізбегі
0

Жамаубаев министрліктерді бөлу жөнінде: Экономикалық өсім әкімшілік шығындарды артығымен жабады

Қаржы министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 12:17 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа министрліктерді құруға қанша қаражат кететіні жөніндегі сұраққа жауап берді. Ол экономиканың өсуі әкімшілік шығындарды артығымен жабатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерұлан Жамаубаев министрліктерді бөлуге және жаңаларын құруға қанша қаржы жұмсалатынын нақты айту қиын екенін атап өтті.
"Үкіметтің бірінші отырысын бүгін ғана өткіздік. Министрліктер әлі бөліне қоймағандықтан, жаңа министрліктердің жұмысын әлі көрген жоқпыз. Уақыт керек, алдын ала баға берудің қажеті қанша? Менің ойымша, олар бұрынғы ғимараттарда қалады. Әрине, министрлерге жаңа кабинеттер қажет болады, бірақ оны өздері шешеді". Ерұлан Жамаубаев

Ол Қаржы министрлігінің қатаң ұстанымы қосымша бюджет бөлу емес, оны мемлекеттік органдар арасында қайта бөлу екенін атап өтті. Оның пікірінше, қосымша шығын аз болады әрі экономикалық өсу арқылы алынатын түсім есебінен жабылады.

"Бұл министрліктер не үшін құрылды? Саланы ілгерілету үшін. Бізде көптеген салалар өсу үстінде, оның қарқынын арттыру керек. Алдымызда орта мерзімді перспективада жылына 6-7% өсу тұр. Сол экономикалық өсім, өсімнен кейін экономикаға түсетін салықтар артығымен жабады. Ал бұл әкімшілік шығындар соншалық көп емес. Оның үстіне соңғы жылдары мемлекеттік органдарды ұстауға жұмсалатын әкімшілік шығыстар өскен жоқ. Естеріңізде ме, көлік, жиһаз сатып алуға мораторий жарияланған еді ғой? Біз оңтайландыруды жалғастырамыз"Ерұлан Жамаубаев

Елбасы Жолдауынан кейін елімізде бірнеше министрліктер бөлініп кетті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – Көлік министрлігіне және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, Мәдениет және спорт министрлігі – Туризм және спорт министрлігіне және Мәдениет және ақпарат министрлігіне. Су ресурстары саласы Экология министрлігінен бөлініп, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: