"Үлкен Алматы көліндегі қыс": Қазнет Алматы тауларындағы биыл жауған алғашқы қарды қызықтап жатыр
Instagram/dots_foto
Қазнетте Алматы мен Алматы облысының тауларында жауған алғашқы қардың суреті тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Суреттерді алматылық фотограф Дмитрий Доценко түсірген. Ол керемет кадрларды кеше, 2023 жылғы 5 қыркүйекте Instagram парақшасында жариялады.
Фотографтың айтуынша, 4 қыркүйекте тауда қар жауған, 5 қыркүйекте таңертең ол "осы пейзаждарды түсіру үшін Үлкен Алматы көліне барған".
"Үлкен Алматы көліндегі қыркүйек қысы... Айтпақшы, қыс үш сағатқа ғана созылды. Күн шыққаннан кейін қар тез ери бастады әрі көп ұзамай мүлде жоқ боп кетті. Жалпы, сұлулықты суретке түсіріп үлгердім", – деп жазды Дмитрий Доценко.
Оқырмандары, әдеттегідей, фотографтың жұмысын жоғары бағалады:
"Сұлулық!", "Хрусталь", "Тамаша", "Ғажайып!", "Тамаша! Алғашқы қар...", "Жай ғана ертегі! Фото – от!", "Қандай әдемі! Ертегі!", "Қандай сұлу, көздің жұмағы!".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript