Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада көмір қаншадан сатылып жатыр

Астанада көмір қаншадан сатылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 17:57 Сурет: Zakon.kz
Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астананың Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов қаладағы көмір мәселесі туралы айтты.

Бүгінде Астанада тұрғындарға арналған 11 қойма мен 14 көмір сату пункті бар, олар толықтай тиісті инфрақұрылыммен және жүк тиеу техникасымен жабдықталған. Сауда орындарында 8 компания қызмет етеді. Көмір орындары бір күнде 21 459 тонна немесе 311 вагонды қабылдауы мүмкін.

"Жылыту маусымына дайындық және өткізу барысында көмір сатушылар 364 мың тонна көлемінде өтінім берді. Биыл 1 мамыр мен 6 қыркүйек аралығында қала тұрғындарына қажет 149 мың тонна көмір жеткізілді. Қазір көмір қоры - 22 мың тонна", - делінген Астана әкімдігі мәлімдемесінде.

Көмірдің орташа бағасы мынандай:

  • Шұбаркөл – тоннасына 15 100 теңге;
  • Қаражыра – тоннасына 15 500 теңге;
  • Майқұба – тоннасына 13500 теңге.

Сонымен бірге Астанада 109 нөмірі бойынша "жедел желі" жұмыс істейді. Осы желіге хабарласып, көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғын білуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: