Жаңалықтар тізбегі
0

Әкімдіктер зират қорымының бос уческелері туралы ақпаратты жариялауға міндеттелмек

Ашық НҚА, зират қорымы Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрлігі Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидасына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережеде жергілікті атқарушы органдар туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зират қорымдары мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратыны нақтыланған.

Бұрынғы ережеде тек зираттарды күтіп-баптауды қарастырылған.

Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден әрбір қайтыс болған азаматты немесе тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде 6 м2 болатын, бірақ 8,1 м2 аспайтын жер учаскесін тегін бөледі. 

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымы әкімшілігінің арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу өткізілетін конкурстың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мерзімде жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде осы көрсетілетін қызметтерді жеке лоттарға бөледі.

Жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу бір лот – бір зират қорымы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Зират қорымының аумағы зираттар қатарына бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі:

  • зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды ұйымдастырады;
  • жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.

Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі есепке алу журналдарының негізінде зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.

Құжат 21 қыркүйекке дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: