Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады деп болжанады

Ауа райы, 8 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 21:04 Сурет: pixabay
Синоптиктер 8 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысы бойынша қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгиромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде және таңертең найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде облыстың шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының таулы аумағында, Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте найзағай ойнайды деп күтіледі. Түркістанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Ақтауда күндіз найзағай ойнауы ықтимал.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста  23 м/с дейін жетеді. Өңірде 8-10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 8-10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

8-нен 9 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: