Астанада балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсті
Сурет: gov.kz
Астанада балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімінің орынбасары Есет Бәйкен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада 67 642 баланы қамтитын 505 мектепке дейінгі ұйым бар (100 мемлекеттік, 402 жекеменшік, 3 ведомстволық).
Қазіргі кезеңде INDIGO электронды порталында 60 971 мектеп жасына дейінгі бала тіркелген, оның ішінде 2 мен 6 жас аралығындағы бала саны – 41 818 . Жыл бойы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.
"Биыл 10 317 орындық балабақшаларға қосымша мемлекеттік тапсырыс берілді. Оның 9157-сі қаңтар-сәуір айларында, қалған 1360 орын осы жылдың қыркүйек айында орналастырылды, құжаттар қабылданып жатыр. Барлығы INDIGO сайты арқылы жасалатынын жақсы білесіз. Жаңа балабақшалардың ашылуына келсек, биыл тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарынан мектепке дейінгі ұйымдар жанынан 500 орындық қосымша ғимараттар ашу жоспарланған". Есет Байкен
Ол сондай-ақ 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өскенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript