Бір топ лаңкес Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасын жармақ болған
Сурет: "Шыңырау" фильмінің трейлерінен алынған үзінді
Жуырда Қазақстан телеарналарынан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестерді қалай құрықтағаны туралы фильм көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сюжеттің шиеленісті тұсында бір топ радикал Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасын жармақ болғаны, тағы бір тобы "Көк базар" сияқты адам көп жүретін орындарда жарылыс жасауды көздегені белгілі болады.
"Қазақстан тәуелсіздігінің құндылықтарына қатер төндірген террористер қалай анықталып, ұсталды? Сирия, Ауғанстандағы содырлардан нендей нұсқау алып отырған? Бұл сұрақтарға ҚР Президентінің Телерадиокешені дайындаған "Шыңырау" эксклюзивті фильмінен тамашалай аласыздар", делінген хабарламада.
Бұл фильмнің жуырда отандық телеарналарда жарыққа шығатыны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript