Алматыда 5 шетелдік теракт жасамақ болды - ҰҚК мәлімдемесі
Фото: Zakon.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы 28 қазанда террорлық актінің алдын алу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсенбіде таратылған ақпаратқа сүйенсек:
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде".
Сонымен қатар, комитет биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынғанын мәлімдеді.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды".ҚР ҰҚК
Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.
"Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6 адам шетелдік",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Қызылордада полицейлердің заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматты ұстағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript