Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте жерінен айрылған кәсіпкер жолды жауып тастады

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 00:46 Сурет: видео скрині
Шымкентте шенеуніктердің сөзіне сеніп жерінен айрылған кәсіпкер жолды жауып тастады. Соның салдарынан қалада көлік кептелісі болып, автобустар мен жедел жәрдем жүре алмай қалды. Жол түскен аумақты төрт жыл бұрын әл-Фараби ауданының әкімдігі алған екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, шенеуніктер ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің құжаттарын үш айда реттеп, сатып аламыз деген. Алайда кәсіпкерге ешқандай ақша бермеген. Есесіне бұл жерге тас жол төселіпті. Енді ақшасын даулаған азамат көшенің екі басына тас төгіп, қозғалысты жауып тастады.

Мал асырап төрт түлігіне осы жерден жем-шөбін дайындаған кәсіпкерге тиесілі телім төрт жыл бұрын әкімдіктің балансына өткен. "Астанадан премьер-министр келе жатыр, тезірек жол төсеуіміз керек" деген шенеуніктер құжаттарын үш айда рәсімдеуге уәде беріпті, бірақ одан бері талай жыл өтсе де, бірде-бір теңге төлемеген. Сондықтан кәсіпкер ұзындығы 750 метрлік учаскенің үстіне түскен асфальт жолға тас төгіп, қозғалысты жауып тастады.

Жол жабылысымен, көлік кептелісі болып, бұл маң иін тірескен де қалған. Тіпті жедел-жәрдемнің өзі шақыртылған жерге бара алмай, айналма жол іздеп кеткен. Ал осы күнге дейін "жер салығын төлеп жүрмін" деген азамат бұл қадамға амалсыз барғанын айтады.

"Сіздің жеріңізден осы жолдың бойына біз асфальт жол салайық, рұқсат беріңіздер біз барлық заңды тиісті құжаттарыңызды рәсімдеп береміз, өтемақы төленеді, айырып алу болып саналады деп уәдесін берді. Біз ол аудан әкімдігінің сөзіне сенгендіктен, рұқсатымызды бердік. Жер біздің өзіміздікі, өзіміздің құқымыз бар, асфальттың бәрін қопарып тастаймыз, сөйтіп өзімізге, кәсібімізге, мақсатымызға пайдаланамыз, бұл амалдың жоқтығынан".Бақытжан Ошақбаев

Ал шенеуніктер жолдың құжаттарын ретке келтіретінін айтып уәде берді. Кейін әкімдік техникамен жолды ашты.

"Қазір есептеу процесі жүріп жатыр. Көлік басқармасы қағаздарын рәсімдейді, құжаттары қалай бітеді, осы аптада бағалау жұмыстарын жүргізіп, заңға сәйкес, ақысын төлеп береді".әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: