"Генералдың немересі" Алматыда жанжал шығарды
Сурет: polisia.kz
Қазнетте әйел адамның түнде жұмысты тоқтатуды талап етіп, коммуналдық қызметкерлермен айқайласып тұрғаны түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода әйел өзін "генералдың немересімін" деп мәлімдеп, "керек жерге" қоңырау шала алатынын айтады.
Алматы полициясы бейнежазбадан хабардар екенін, құқық бұзушы анықталғанын атап өтті.
"Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде "Нұр Алатау" ықшамауданының тұрғыны – 1991 жылы туылған азаматшаны анықталды, оның әрекеті ҚР ҚК 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша сарапталды", – делінген хабарламада. Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілетіні айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript