Шаршаған өрт сөндірушілердің видеосы елдің көңілін елжіретті

"Семей орманы" резерваты, орман, өрт, ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 14:16 Сурет: видеодан скриншот
2023 жылғы 9 маусымда әлеуметтік желілерде Абай облысындағы алапат орман өртін сөндіріп, шаршаған өрт сөндірушілер түсірілген бейнежазба тарады. Бейнежазба Қазнет қолданушыларын тебірентті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Instagram-дағы yknews.kz желісінде жарияланды. Кадрдан өрт сөндірушілердің әр жерге жантая кеткенін көруге болады. Сипаттамаға қарағанда, видео Абай облысының Бородулиха ауданында түсірілген. Қазіргі уақытта ол жақта алапат орман өрті сөндіріліп жатыр. Шаршаған өрт сөндірушілер жерге домалай кетіпті.

Басын қатерге тігіп, борышын өтеп жатқан өрт сөндірушілерге халық тәнті болды.

9 маусым күні ҚР ТЖМ "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған адам саны 300-ден асқанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: