Елімізде үш қала ауылға айналуы мүмкін
![Ашық НҚА, ауыл, қала, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 10:14](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-375da138-5f14-43b9-aa47-fe5c67cb3abe/800x450.webp)
Қазақстанның үш елді мекені қала санатынан ауыл санатына өтуі мүмкін, өйткені тұрғыны тым аз, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 қыркүйек күні Ашық НҚА порталында 2021 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына" өзгеріс енгізу жобасы әзірленді.
Жобаға сәйкес, әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалалардың, яғни халық саны 10 мың адамнан кем қаланың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі жүргізіледі.Қазір мұндай үш қала бар:
- Степняк (Ақмола облысы) – 3,8 мың адам;
- Темір (Ақтөбе облысы) – 2,1 мың адам;
- Жем (Ақтөбе облысы) – 1,5 мың.
Ал кейбір халқы көп ауылдар "өсіп" қала мәртебесіне ие болады. Елімізде осындай 17 елді мекен бар, олардың ең ірілері:
- Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы – 54 мың адам;
- Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы – 50 мың адам;
- Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы – 47 мың адам және басқа да ауылдар.
Құжат 26 қыркүйекке дейін талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript