Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігі басшылығына келді

Кемелбек Ойшыбаев, "Хабар" агенттігі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 18:05 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігі" АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2015-2016 жылдары "ҚазМедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС-да, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2016-2017 жылдары — "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ Басқармасының төрағасы.

2019-2020 жылдары — "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ Басқармасының төрағасы.

2020 жылғы маусымнан 2022 жылғы 28 қаңтарға дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып қызмет атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: