Алматыда достарымен жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді көлік қағып өлтірді

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 01:52 Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Райымбек даңғылында №7 қалалық клиникалық аурухананың алдында үш жігіт жолды кесіп өткен. Екеуі үлгергенімен, ал үшіншісін BMW 5 көлігінің жүргізушісі қағып кетті. Ол дәрігерлер келгенше оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, бесінші сериялы BMW көлігі Ташкент тасжолымен батысқа қарай Алматы облысына қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Осы кезде жолдан үш жас жігіт өткен. Жүргізуші мұны бірден байқамай, біреуін соғып кеткен. Осы кезде 17 жастағы жасөспірім бірнеше ондаған метрге ұшып түскен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.

Сурет: Zakon.kz

Көлік жүргізушісі бірден тоқтай алмаған, ол жасөспірімді соққан дейін шамамен 50 метр қашықтықта тежегішті басқан, ал оның жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқанын асфальттағы дөңгелектің ізінен көруге болады.

Сурет: Zakon.kz

Қазір оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп, барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: