Жаңалықтар тізбегі
0

Жаркент билігі жұртты күлкіге қарық қылған билбордтың көзін құртты

Билборд, Панфилов ауданы, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 18:37 Сурет: видеодан алынды
2023 жылы 13 қыркүйекте әлеуметтік желіде көптің көңілін көтерген видео тарады. Жаркент тұрғыны жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың қақ үстіне орнатылған жарнамалық билбордты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пушкин – Сыпатаев көшелерінің қиылысында түсірілген видео Жаркент қаласының Instagram парақшалырының бірінде жарияланған. 

"Қысқасы, бұл Жаркенттегі жағдай. Осылай келе жатасыз да тура жолмен, бір уақытта былай еңкейесіз (ары қарай жүру үшін - шамамен ред.) Онда тұрған не бар деші?!", - дейді автор видеода.


Күлкіге қарық болған желідегілер бұл жайтты әжуа-қалжыңға айналдыруға тырысты:

  • "Бұл Жаркент, балақай! Өлдім ғой күлкіден!"
  • "Бізде Талдықорғанда мұндай күлкілі жайттар жетіп артылады".
  • "Равшанаман мен Жамшутаман Жаркентке келіп, жұмыс істеп кеткен десең".
  • "Бұл адамдардың телефонға үнемі үңіліп жүрмесі үшін жасалған, арасында осылай бой жазып алған да дұрыс".

Zakon.kz редакциясы аталған жайт бойынша Панфилов ауданының әкімдігіне ресми сауалмен жүгінді.

"Сыпатаев-Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан билборд бұзып алынды. Енді жаяу жүргіншілер аталған тротуармен кедергісіз жүре алады", – деп сендіреді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат.


Сондай-ақ, әкімдік жарнамалық билборд орнатылған орыннан түсірілген суреттерді де ұсынды.


Билборд, Панфилов ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 18:37

Сурет: Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: