Қапырықтан өзінше сақтанған елордалық азамат жұртты күлкіге қарық қылды
Сурет: видеодан алынды
TikTok-та үйден есік алдына төсек-орнын көшіріп алып, ұйқыны басып жатқан елордалықтың видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің ата-бабаларымыз қапырық мәселесін өте қарапайым жолмен шешкен, киіз үйдің түндігін ашып тастап, ашық аспан астында түнеген. Сондықтан бұған таңданатын түгі жоқ. Астанадағы бір көшпенді шілденің түнінде қапырық бөлмеде емес, аулада ұйықтауды жөн көрген. Ол ақ жаймасын жайып, бел темірдің астына армансыз жайғасқан", - деп түсіндіреді видео авторы.
Желіні пайдаланушылар қапырыққа төзбеген астаналықты қолдап, пікірлер білдіріпті:
- Мүмкін ол адамның жүрегі ауыратын шығар, сондықтан шыдамай көшеде ұйықтағанды жөн көрген.
- Қайта миы жеткен, жарайсың!
- Әкесінің үйінде жатқандай, әй-сабаз-ай!
- Түскі жаңбыр себелеп оятар оны).
- Осылай істеуге де болады ма, не???
Осы аптада Қазақстанның барлық территориясында сынап бағаны 35 және одан да жоғарыға көтеріледі деп болжанады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript