Абай облысының тұрғыны 43 млн теңгенің малын ұрлаған
Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығы иесінің туысы 54 бас ірі қара мал ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Ол сағат 23:00-ден таңертеңгі 6:00-ге дейін ауданның бір ауылының еркін жайылымынан белгісіз адам оның таңбаланған бір табын жылқысын алып кеткенін хабарлады.
Сонымен қатар өтініш беруші биелердің бірінің мойнында JPS трекері бар екенін айтты, ол құрылғы арқылы жәбірленуші жануардың орналасқан қай жерде екенін тексерген, бірақ құрылғы ажыратылған күйде болған. Келтірілген залал 43 млн теңгеден асады.
Сигнал алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісіп, аумақты тексеру үшін тікұшақ пен дрон да жұмылдырылған.
Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталды.
Сурет: polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Абай облысының бұрын сотталған 46 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті тұратын үйді тексеру және тінту жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мал қорасынан заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Аталған факті бойынша ШҚО ПД ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.