Түркістан облысының полицейлері танысының екі жылқысын ұрлаған күдіктіні анықтады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, камера полицейского, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 14:22 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полицейлері танысының құны млн теңге болатын екі жылқысын ұрлаған күдіктіні анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Отырар ауданының полицейлері мал ұрлады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта танысының екі жылқысын жайылымнан ұрлап, жүк көлігіне тиеп, қашып кеткен.

Содан ұрланған жылқыларды туысының үйіне жасырған. Келтірілген шығын көлемі шамамен миллион теңгені құрады.

Белгілі болғандай, ер адам жылқыларды көкпар ойындарына қатыстыру үшін ұрлаған.

Тәртіп сақшылары ұрланған жылқыларды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: