Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 69 жылқысын тапты

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 10:53 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері тұрғынның із-түссіз жоғалған 69 жылқысын 40 шақырым жерден тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жайылымда жүрген 69 бас жылқысының белгісіз жағдайда жоқ болғанын жеткізді.

Өз бетінше іздеп таба алмаған тұрғын бір күннен соң полицейлерден көмек сұрады. Аталған жайт бойынша жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары жылқыларды іздестірді.

Мобильді топтарға бөлініп, үй жануарларының баруы мүмкін деген аймақтар толығымен тексерілді.

Осылайша тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде жоғалған жылқылар 40 шақырым қашықтықтағы көршілес Сайрам ауданындағы егістік алқабынан табылды.

Сақшылар 69 бас жылқыны иесіне тапсырды.

Өз кезегінде жоғалған ірі қара малдарының түгелімен аман-есен табылғанына риза болған тұрғын полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктеріне, қырағылықтарына шынайы алғысын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: