Қостанай облысының полицейлері жоғалған 7 жасар қызды тапты

Жоғалған 7 жасар қызды полицейлер тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 14:11 Сурет: polisia.kz
Қамысты полицейлері бір сағат ішінде жоғалған 7 жасар қызды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 қазан күні сағат 18.30 шамасында Қамысты аудандық полиция бөліміне 7 жасар баласының жоғалып кеткені туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді. Әйелдің айтуынша, оның қызы үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, деп жазады Polisia.kz.

Туыстары оны өз бетінше іздеуге тырысқанымен, нәтиже болмаған. Кәмелетке толмаған баланы іздеуге Қамысты ауданының барлық жеке құрамы бағытталды. Полицейлер қыздың болуы мүмкін жерлерді – стадион, ойын алаңдары мен дүкендерді тексерді.

Бір сағат ішінде қызды полиция қызметкері Алмат Баяндинов тапты. Бала өз үйінің ауласындағы қосымша үй-жайда ұйықтап қалған. Баланың анасы тәртіп сақшыларына баласын іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: