Түркістан облысының полицейлері жоғалған 4 жасар бүлдіршінді іздеп тапты
Фото: pixabay
Түркістан облысының полицейлері жоғалған 4 жасар бүлдіршінді сауда орталығынан тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кешкі уақытта үйінің ауласында ойнап жүріп жоғалып кеткен төрт жасар баланың анасы Созақ ауданының полициясынан көмек сұрады.
Оқиғаға бірден назар аударған полиция дереу жеке құрамды жұмылдырды. Кешқұрым болған соң полицейлер уақыт жоғалтпастан еріктілерді де іздеу жұмыстарына қатыстыра отырып, көшелер мен ойын-сауық орындарын аралап, куәлардан жауап алды.
Үйлесімді жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде полиция 4 жасар бүлдіршінді үйінен шамамен 3 шақырым жердегі сауда орталығынан адасып жүрген жерінен аман-есен тапты.
Баласымен қауышқан ана Созақ ауданы полицейлерінің жедел әрекетіне сүйсініп, аналық алғысын жеткізді.
Оқи отырыңыз
Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript