Еліміздегі барлық телеарнаның хабар тарату қызметінде мәселе туындады

Телеарна, хабар тарату, Kazsat-3 , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 21:55 Сурет: pixabay
Бейресми мәліметке сәйкес, KazSat-3 жер серігімен байланысты телеарналардың хабар тарату қызметінде мәселе туындаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп - жерсерікке қатысты штаттан тыс жағдайдың орын алуы.

Әзірге, бейресми ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік телеарналар KazSat-2 жер серігінің резервтік хабар тарату қызметіне қосылған.

"Кабельдік операторлар желілеріне қосылған телеарналардың ретрансляцияны тоқтатуына олардың KazSat-2 жер серігі арқылы тарайтын мемлекеттік телеарналардың резервтік сигналын қабылдай алмауынан болуы мүмкін", делінген хабарламада.  
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: