Текеліде 83 жастағы қартты тонап кеткен азамат ұсталды

зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 00:07 Сурет: pixabay
Текеліде полицейлер 83 жастағы жалғызбасты қарт әженің неке жүзігі мен зейнетақы жинақ ақшасын ұрлап кеткен 32 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 қыркүйекте егде әйел мүлкі мен ақшасын ұрлап кеткені туралы полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары 24 сағаттың ішінде ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол көршілес Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

"Зардап шеккен қария жеке тұрғын үйде жалғыз тұрады. Оның неке жүзігі мен түрлі валютадағы қолма-қол ақшасы ұрланған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңгені құрады. Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Текелі қаласы ПБ бастығының орынбасары Нұрболат Шаму.

Күдікті ұрланған ақшаны жұмсап үлгерген. Полиция тек неке жүзікті тауып, заңды иесіне қайтарып берді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: