Жаңалықтар тізбегі
0

Kaspi Bank ғимаратында адамдарды кепілге алған Әлихан Мурадовқа үкім шықты

Сотта Мурадов бір күн бұрын кепілге алуды жоспарлағанын, бірақ банкте адамдардың көп болуына байланысты бас тартқанын айтты. Сондай-ақ ол барлық жәбірленушілерден кешірім сұрады., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2023 12:37 Сурет: Zakon.kz
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 18 маусымда Астанадағы Kaspi Bank бөлімшелерінің бірінде адамдарды кепілге алған Әлихан Мұрадовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімді қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев жариялады.

Мурадов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


"Әлихан Мурадов 261-баптың 2-бөлігінің 4 және 8, 9-тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын. (4 және 8-тармақтарына қатысты кепілге алу "Қаруды немесе заттарды қару ретінде пайдалана отырып, екі немесе одан да көп адамды тұтқынға алу) және оны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді", - деп атап өтті судья.

Kaspi Bank-тің Астаналық бөлімшелерінің бірінде адамдарды кепілге алу оқиғасы 18 маусымда болған. Қарулы адам барлық банк активтерін мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға көмек көрсету қорына аударуды талап еткен. Оның талабы орындалмаса бомба жарып, кепілге алынғандарды өлтіремін деп қорқытқан. Бөлімде жеті әйел қызметкер мен бір күзетші жұмыс істеген. Үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Арнайы операция нәтижесінде кепілге алынғандардың барлығы босатылып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

29 тамызда ауданаралық қылмыстық сот банк бөлімшесін басып алғаны үшін қамауға алынған Әлихан Мурадовқа қатысты істі қарай бастады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-баптың 2-бөлігінің 4, 8, 9 б. ("Кепілге алу") тармақтарында көзделген қылмысты жасады деп айыпталуда.

Сотта Мурадов бір күн бұрын кепілге алуды жоспарлағанын, бірақ банкте адамдардың көп болуына байланысты бас тартқанын айтты. Сондай-ақ ол барлық жәбірленушілерден кешірім сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: