Қарағанды облысында барымташылар қолға түсті

Қарағанды облысында мал ұрлығы жиілеген. Жыл басынан бері 25 жағдай тіркелген қылмыстық істердің 10-ы ғана ашылды.
Малды өрістен айдап әкеткен 2 топ ұсталды. Олардың 8 бірдей мал ұрлығына қатысы бар екені дәлелденген, деп жазады qazaqstan.tv.
Ақтоғай ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында төрт адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірген.
Тергеу барысында барымташылардың 6 бірдей мал ұрлығын жасағаны анықталып отыр.
Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Күз айлары мен соғым сою уақытында төрт түліктің жоғалу фактілері жиілейді. Осыған байланысты облыс аумағында 17 блок бекеттер қойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript